Мүгедектіктің барлық мәселелері осы осы топтың моделіне сәйкес

140

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектердің құқығын қорғау, мүгедектіктің алдын алу және мүгедектерге олардың әрекеттіктің кез – келген салаларында қабілеттерін дамытуға көмек көрсету жөнінде мәліметтерде ұсынамыз. Қоғамдық өмірге қатысуына көмектесу салаларының жалпы негізі мен басшылық етуіне БҰҰ мүгедектер құқығы туралы Декларациясы жатады, сонда көрсетілгендей мұгедектер шыққан тегіне, мінезі мен зақымдылығының күрделігіне немес кемістіктеріне қарамастан, сол жастаға азаматтар сияқты адамдық абыройымен құрметтелуіне құқығы бар, яғни бірінші кезекте қалыпты және толыққанды болуға тиіс өз өмірін қанағаттандыруға құқығы бар. Әлеуметтік қызметкер үшін Декларацияның 5 – ші пункті ерекше маңызды, онда мүгедектер үлкен дербестікке жетуге мүмкіндіктерді беретін аранулы шараларға құқылы делінген.

Жас мүгедектермен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың теориялық – методологиялық және адамгершілік негізіне “мүгедектік моделі” жатады. Бұл модельдердің бірнеше түрлері бар, дегенмен оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші жағдайда мүгедектік жеке бастың мәселесі деп түсіндіріледі, яғни мүгедектіктің дәрігерлік немесе “әкімшілік” модельдері. Мұнда шектеулі мүмкіндіктер адамның және оның дертінің арасындағы өзара байланыс контексінде қарастырылады: мүгедектік – бұл медициналық патология және осынысымен мүгедектер “қалыпты” адамдардан ерекшеленеді. Мүгедектіктің барлық мәселелері осы осы топтың моделіне сәйкес — осы патологияның нәтижесі. Ол “қалыпты” адамдырдың қоғамына үйренуі керек, ал әлеуметтік жұмыстың мақсаты – мүгедеке оның бейімделуіне көмектесу болса, жұмысының негізгі мазмұны әлеуметтік қорғау болып табылады. Модельдердің бұл тобы мүгедектерге кемтар адамдар ретінде қараудың жасырын қарым – қатынасын білдіреді. Адамның құндылығы бұл жерде оның қоғамға “пайдасы бар” деген көзқараста қарастырылады.