«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

21

Бүгін ауданда дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілген акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына қолдау көрсету болды.

Аталған акция аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақовтың құттықтау сөзімен басталып, концерттік бағдарламаларға ұласты. Акция барысында балаларға қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер үлестірілді. Атап айтқанда акцияға аудан басшысының бастамасымен мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, жеке кәсіпкерлер қатысып, атсалысты.

Акция аясында демеушілер есебінен аудан көлеміндегі 630 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формаларын әперіп, көмек көрсетілді.