Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына келді

21
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 27 қыркүйегінде Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Ақорданың баспасөз қызметі президенттің жоспарлары мен алдағы кездесулері туралы айтып берді.

Ақорданың Telegram-арнасында Тоқаев білім, мәдениет, спорт нысандары мен өндірістік кәсіпорындарды аралайды деп хабарланды.

Сапар бағдарламасында өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысу да бар.