Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту маңызды

24

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы дамыту бағытында елімізде атқарылып жатқан түрлі шаралар туралы мәләметтерді ұсынамыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Оған тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке бір болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Бұл дерттің жаппай жойылмау жолын халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше, халыққа жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады.Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 жарлығы жарияланды. Cтратегияның мақсаты — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.Бұл ретте стратегияның мақсатын жүзеге асыру тұрғысында сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытатын курстармен барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен тұтастай алғанда барлық азаматтық қоғамды қамту қажет. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі екенін ұмытпайық.

Жалпы Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және тереңдете түседі. Қазақстанның халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретіндегі тиімді сыртқы саяси қызметі біздің еліміздің халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, оның ішінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына, осы саладағы басқа да құжаттарға қосылуы соның нәтижесі болып табылады.Бір жағынан, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік практиканы пайдалануға ынталандырады, екінші жағынан – шетелдермен ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Біздің мемлекет өзара құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау және активтерді қайтару бойынша бірқатар келісімдер жасады. Біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымызды жетілдіруге Еуропалық Кеңеспен өзара іс-қимыл да, бірақ өз ерекшеліктеріміз бен ұлттық заңнаманы ескере отырып, шетелдік тәжірибені пайдалану ықпал ететін болады. Олар арқылы шетелге, көбіне шығу тегі күмән туғызатын капитал шығарылатын және заңдастырылатын офшорлық аймақтар ерекше назарды талап етеді. Тиісті халықаралық келісімдер мен шарттарға қол қою офшорлық компаниялар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу, беделді халықаралық ұйымдарға қатысу практикасы жалғасатын болады. Біздің еліміз трансұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін талқылау үшін беделді диалогтық алаң бола беруге ниетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру тетігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басты орган болып табылады, ал Стратегияны орындауға барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелер, мемлекет қатысатын компаниялар, саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер және тұтастай алғанда азаматтық қоғам қатысады.  Стратегияның мақсаттарына қол жеткізудің қажетті шарты ішкі және сыртқы болып бөлінетін оны орындауды мониторингтеу және бағалау болып табылады.Орындауды ішкі мониторингтеуді және бағалауды тиісті іс-шараны тікелей орындаушы жүргізетін болады, сыртқыны – арнайы құрылған мониторингтік топ жүргізеді, оған мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу жай-күйін тиісті мониторингтеу мен бағалаудың шарты оның ашықтығы болып табылады. Тиісті іс-шаралар орындалуының барысы туралы есептер міндетті түрде сыртқы бағалауды алу және жұртшылықтың пікірін ескеру мақсатында халықтың назарына жеткізілетін болады. Бағалау мен жұртшылықтың пікірі Стратегияны іске асырудың кейінгі кезеңдерінде ескеріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындаудың соңғы сатысы Мемлекет басшысының қарауына тиісті есеп енгізу болады. Құжаттың іске асырылуы туралы жыл сайынғы ұлттық есеп бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуға жатады.