Газ жүйелерінің қауіпсіздігі қадағалануда

705

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Тұран шағынауданындағы «Кәусар» тұрғын үй кешені көп қабатты үйлерінің ішкі және сыртқы газ жүйелері Каратау ауданы әкімі аппараты тарапынан құрылған жұмысшы топпен зерделенді.

Жұмысшы топқа Шымкент қаласының құрылыс басқармасы, «Shymkent» ӘКК, «КазТрансГаз» АҚ өңірлік филиалы және мердігер мекемелер қатысты.

Зерделеу барысында ішкі газ жүйелерінің ақаулары анықталып, акт түзілді. Кемшіліктерді реттеу бойынша мердігер мекемеге тапсырма берілді.

Айта кетейік, Тұран шағынауданы «Кәусар» тұрғын үй кешенінде 12 көп қабатты үй, 880 пәтер бар.