«Қазыналы өнердің серкесі» атты әдеби-әуенді кеш өтті

649

Шымкент қаласы Абай атындағы орталық кітапхананың «Өнер» бөлімінің ұйымдастыруымен Опера әншісі, профессор, Халық әртісі Ермек Серкебаевтың туылғанына 95 жыл толуына орай «Қазыналы өнердің серкесі» атты әдеби-әуенді кеш ұйымдастырылды.

Кеш қонағы Ұлттық «Ұлан» ән-би ансамблінің әншісі Алтынбек Бауыржан Ермек Серкебаевтың ән қоржынындағы А.Зацепиннің «Тыңда» әні мен С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін нақышына келтіріп орындап берді.

Кеш барысында әншінің өмірі мен шығармашылығы жөнінде бейнеролик көрсетіліп, мерзімді басылым беттеріне библиографиялық шолу жасалып өтті.

Бірнеше кітапқа татырлық қымбат өнерімен, қайталанбас келбетімен танылған тұлға өзіндік адами биік ұстанымдарымен, шынайы шығармашылық жолымен ұрпақ есінде мәңгі қала бермек.

Шымкент қаласы Абай атындағы орталық кітапхананың

«Өнер» бөлімінің кітапханашысы Мамытова Жәмилә