Теңдессіз қара күштің иесі Қажымұқан атамыздың медальдары (ФОТО)

1174

Теңдессіз қара күштің иесі Қажымұқан атамыз Ресей, Франция, Германия, Швецария, Америка, Финлияндия, т.б. сынды 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц секілді палуандарды боз кілемдегі айқастарда шетінен жыққан.

«Алтын күн мен арыстан» атты парсы ордені.
Қажымұқан Парсы елінде өткен француз күресінен бүкіл әлемдік чемпионат кезінде парсы палуаны Маршрутты жеңіп алған. Салмағы 29,57 гр. Құрамы күміс 8750. Арыстан бейнеленген жұлдызша 2004 жылы 5 сәуіріндегі №213 актісімен сапа сынамасынан өткен. Музейдің түсім кітабында 233-і нөмірмен тіркелген.

«Қайырымдылық» ордені.
1912 жылы Қытай елінің Харбин қаласында өткен Азия біріншілігінде Жапон палуаны Саракики Джиндофумен белдесіп, жеңгені үшін Қажымұқанға берілген. Салмағы 16,69 гр. Құрамы 960 күмістен құйылған. 2004 жылғы 5 сәуір күнгі №213 актісімен сапа сынамасынан өткен. Музейдің түсім кітабында 234-і нөмірмен тіркелген.

Ескерткіш белгі медальоны.
1912 жылы Қажымұқанның өнеріне, күшіне талқалып риза болған Варшава мұсылмандары сыйға тартқан. Құрамы 9600, 9250 күмістен жасалынған. Салмағы 700,70 гр. 2004 жылы 5 сәуірдегі №213 актісімен сапа сынамасынан өткізіліп, музейдің 258-і иелік белгісі қойылған.

Медаль Қажымұқан 1913 жылы Вильнюс қаласында өткен халықаралық чемпионат кезінде бірінші орын алғаны үшін берілген. Құрамы 9250 сапалы күміс салмағы 11,93 гр. 2004 жылы 5 сәуірдегі №213 актісімен сапа сынамасынан өткен. Мұражайдың түсім кітабында 235-і иелік белгісі қойылған.

baq.kz