ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ АУҚЫМДЫ
Шымкентте түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған көпқабатты үй тұрғызылып, халық саны да артып келеді. Сәйкесінше балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға сұраныс жоғары. Осы орайда шаһарда әлеуметтік нысандар құрылысын салуда ауқымды істер қолға алынған.
Білім саласы нысандары
Шымкентте білім нысандарының құрылысын жүргізу жоcпарланған. Оның ішінде: Жаңа құрылыс – 7 нысан, атап айтсақ, (№39 (375 орын), №50 мектептерге қосымша ғимараттар (575 орын), Тельман 1200 орындық мектеп, Тұран ш.а.
2 оқушылар сарайы-500 орын, Сайрам шағын ауданындағы №10 колледжге қосымша ғимарат-300 орын, №2 мектеп-интернат — 40 орын, С.Рахимов атындағы мектеп) бар. Ал күрделі жөндеуден – 5 нысан өтеді. (№8, 48, 80, 120 мектептер, Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты).
Осы аталған нысандардың 4-еуі биылғы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қалған 3 нысанның құрылысы (№50 мектепке қосымша ғимарат, Тельман 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп) 2025 жылы аяқталады. Ал, 4 күрделі жөндеу нысандары толығымен жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылса, қалған 1 нысан құрылысы (Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты) 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 4 200 орынға арналған 12 білім нысандарының жобалау-сметалық құжаттары дайын. Нақтырақ айтар болсақ, № 16, 19, 25, 41, 53, 66, 68, 82, 116, 121, 122 мектептерге қосыша ғимараттар және Сайрам т.а. 300 орынға арналған жатақхана құрылысы бар.
Бұдан бөлек, 4 күрделу жөндеу нысандарының (№ 96 мектепті күрделі жөндеу, № 126 балабақшаны күрделі жөндеу, №1 лицей-интернатты күрделі жөндеу, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын күрделі жөндеу) ЖСҚ-сы әзірленуде.
Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 11 мектептің (15 800 орын) құрылысын 2024 жылы ал, 7 мектептің (12 200 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Мәдениет саласы
5 мәдениет нысандарының құрылысын салу жопарланған болатын. Олар: Өтеміс, Базарқақпа, Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарындағы мәдениет үйлерінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бәйдібек би №115/1 ғимаратын қайта құру құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, Опера және балет театрының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.
Спорт саласы
2 спорт нысаны, олар №12 спорт мектебі және №15 спорт мектебінің құрылысы жүргізілуде. Биыл №12 спорт мектебі аяқтау жоспарланған. №15 спорт мектебінің құрылысы келесі жылы пайдалануға берілетін болады.
Сондай-ақ, Тұран шағын ауданы 5 га жер учаскісінде көпфункционалды теннис орталығы жобалау-сметалық құжаты дайын. Ал екінші жоба «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» және паралимпияда, сурдолимпияда спорт кешенінің құрылысының жобалау құжаты әзірленуде.
Абаттандыру нысандары
Шымсити шағынауданындағы 1 абаттандыру нысанының (20,4 га) құрылысы аяқталды. Ал, құрылысы 2023 жылы басталған 1 нысан (3,2 га) саябақ құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Тұран ш/а Этносабақ құрылысының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.
Әлеуметтік қамтамасыз ету нысандары
3 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жоспарланған. Ол «№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» қосымша 50 орындық ғимарат құрылысы және күрделі жөндеуден өтетін «№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ғимараты, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы. Нысандардың құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан басқа, «Мейірім» оңалту орталығы МКҚК-ның 100 орындық ғимаратын салу жобаларының құжаттары әзірленуде.
Ауылшаруашылығы нысандары
Ақтас шағынауданында 1 ауыл шаруашылығы нысандары және осы нысанды жеткізуші инфрақұрылыммен қамтудың 1 нысанының (ИКИ) құрылысы аяқталды.
Төтенше жағдайлар нысандары
Ағымдағы жылы 7 нысанның құрылысы жоспарланған. Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 6 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 2 жоба Қайнарбұлақ жедел құтқару кешені мен Таскен, шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығының құжаты дайын. 5 жоба (Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити, Ақжар шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығы) құжаты әзірленуде.
Қорғаныс саласының нысандары
1 қорғаныс (сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау) нысанның құрылысы жүрігізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, 1 жобаға ЖСҚ әзірленуде (Шаян ауылында басқару пункті).
Мемлекеттік органдар нысандары
Ағымдағы жылы 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жоспарланған. (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау, Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу).
Оның ішінде, 1 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды (Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу). Ал 2 нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, қалған 1 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі (Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу). Сонымен қатар, 2 жобаның ЖСҚ-сы дайын (Қазбек би 36 әкімшілік ғимараты және прокуратура ғимараты).
Денсаулық сақтау нысандары
1 денсаулық сақтау нысанының (Қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы) ЖСҚ-сы дайын және 2 жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде (Ақжайық шағын ауданында 200 төсек орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы және Алдярова көшесіндегі перзентханаға қосымша корпус салу) әзірленуде.