“ЕМДЕУШІГЕ ДЕ, ЕМДЕЛУШІГЕ ДЕ ЖАҚСЫ….”
Осы кезге дейін Шымкент қалалық алтыншы емхананың екі ғимараты екі бөлек боп келді. Наухастар екі ортада сабылып жүрді. Енді екі ғимарат арасы қосылды. Ақ қар, көк мұзда емделуші де, емдеуші дәрігерлер үшін де қолайлы болды. Бас дәрігер Айгуль Кылышбаева бас дәрігер hәм бас архитекторша еңбектенді. Рахмет. “Жақсыны көрмекке” деген. Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасы басшысы Нурлыбек Асылбеков №6 емханадағы игілікті істі көріп, оң бағасын берді. “Емхана негізгі екі корпустан тұрады. Науқастарға ыңғайлы болу үшін екі корпусының арасынан қосатын галлерея жасақталып,пайдалануға берілді. Корпустардың біріктірілуі медициналық жабдықтардың, зертханалық және диагностикалық орталықтардың жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді”-деді бас дәрігер Айгүл Орынбасарқызы.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков №6 емханаға арнайы барып, жұмыстар барысын бақылады.
Басқарма басшысы емханадағы галлеряда болып, күндізгі стационар, гинекология және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімшелерін аралап, сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Емхана негізгі екі корпустан тұрады. Науқастарға ыңғайлы болу үшін екі корпусының арасынан қосатын галлерея жасақталып,пайдалануға берілді. Корпустардың біріктірілуі медициналық жабдықтардың, зертханалық және диагностикалық орталықтардың жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Н.Асылбеков емханадағы бейнебақылау жүйесімен танысып шықты. Жалпы мекемеде 150-ден аса камера орнатылған. Бұл емханаға шағымдарды болдырмау, сапалы медициналық көмек көрсету және пациент пен медицина қызметкерлері арасында сенімділікті нығайтады. Емханаға түскен арыз шағым өткен жылмен салыстырғанда 12 % төмендегенін байқауға болады.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков емханада атқарылып жатқан жұмыстар барысына оң бағасын беріп, профилактикалық жұмыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды.
Шымкентттің денсаулық саласына дем берер жақсы жаңалықтар бар. Бұл қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуы нәтижесін байқатады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков денсаулық саласын жетілдіруге айрықща мән беріп келеді. Соның нәьижесінде оңды өзгерістер орын алуда.
Айтпақшы, жақында ғана медициналық ұйымда «Әмбебап прогрессивті патронаж» моделін оқыту бойынша оқу – симуляциялық орталығы ашылды. №5 емхана базасында ашылған орталықта қаланың патронаж медбикелері біліктіліктілік арттыра алады. Оқу барысында теориялық білімдерін ЮНИСЕФ бағдарламасы ұсынған 22 модуль бойынша емхана деңгейінде жүкті әйелдер мен балаларды қамту бойынша үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Жаңаша жабдықталған орталықта тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, өзекті мәселелерді шешу, тестілеу, өзіндік жұмыс, отбасына кеңес беру, қауіп — қатерді шешу тетіктері қарастырылған. Эко карталар жасау, қосымша тамақ дайындау жолдары, шұғыл көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, әмбебап прогрессивті модель патранаждағы мейіргердің жұмысын жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған игілікті істердің көбеюі көңіл қуантады. Денсаулық бар жерде — дені сау ұлт болады.
Ерсұлтан Әмірбек
Журналист