“БАУЫРЛАС-ПОДКАСТ” СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ
Сүйінші ағайын! Түркістанның төрінде “Достық” үйінде ашылды. Тұсау кесер хабарының алғашқы құтты қонақтары тарихшы-ғалым, этнограф Жамбыл Артықбаев, қазақ журналистикасының ақсақал ардагері, ұстаз-ғалым Сейдулла Садыков және “Бауырлас-подкаст” студияның ашылуына аналық жүрекпен тілектес-қамқоршысы болған Түркістан Облысы Қоғамдық Келісім мекемесі басшысы Эльмира Жангазиева сұхбат берді. Ақ тілек, ақ батасын берді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылды аясында бауырлас-тілеулес ағайындардың бәріне де Шаңырақ журналистер клубы “Бауырлас-подкаст” студиясы төрден орын береді. “Достық үйі”-нағыз достықтың мекені боп тұр. Құтты болсын! Бауырлас-подкаст көрермен көзайымына айналғай! “Жол-жөнекей” Түркістандағы “Достық” үйіне келіңіздер! Қоғамдық келісім, халық бірлігі мен этносаралық татулық жайлы емен-жарқын әңгіме айтармыз. Сіздерді “Бауырлас-подкаст” студиясында күтеміз! Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қоғамдық Даму Басқармасы басшысы Ерлан Кузембаев мырзаның қолдауына көп рахмет айтамын! “Жол-жөнекей” аяқталмаған әңгіменің жалғасы “Бауырлас-покастта” жалғасатын болады. Жақсы адамдармен жақсы әңгіме айта жүрейік! Жақсылық тіледім бәріңізге!