Шымкент: бір тәулік ішінде қалада 7616 адам вакцина алды

439

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 452 жағдай (387 симптоммен, 65 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 244 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 208 адам үй бақылауына алынды. бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7616 адам вакцина алды (I компонент-12515, II компонент-5101). Егу науқаны басталғалы барлығы 362 736 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 261 861 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.