АЗАТ ОРАЛБАЕВ: ОКРУГТЕРДІ АРАЛАУ КЕЗІНДЕ БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУ КЕРЕК

17

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың бүгінгі жұмыс сапары маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерді қамтыды.

Алдымен Шұбар ауылындағы жаңадан салынып жатқан “КАРЬЕР ТАБЫС” ЖШС-нің кірпіш зауытының құрылысымен танысып, оның аудандағы өндірістік қуатты арттыруға қосатын үлесін талқылады. Бұл зауыт аудандағы құрылыс материалдарына деген сұранысты қамтамасыз етуге ықпал етеді деп күтілуде.

Одан кейін аудан басшысы Шұбарсу ауылындағы “Найман-2 алабындағы шешімін таппай тұрған 200 метр жерге ауыз су құбырының құрылысын аяқтау мәселесін қарастырды. Бұл жоба аяқталған жағдайда, аталған алаб тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі толықтай қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, ол Шұбарсу ауылында салынатын жылыжай кешені үшін белгіленген аймақты аралап көрді. Бұл кешен ауыл шаруашылығын дамытуға және жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай үлес қосады деп жоспарлануда.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы аталған жобалардың барлығы ауданның инфрақұрылымын жақсарту мен экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталғанын атап өтіп, аралау барысында сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.