Шымкентте жаңа әуежай терминалына кіреберіс автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде

294

Шымкент қаласында жаңа әуежай терминалына кіреберіс автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа автомобиль жолы мен Шалқаркөл көшесінің қиылысында құрылыс жұмыстары жүргізілуіне орай «Жиделі» шағынауданына қатынау «Сауда-логистикалық орталыққа» баратын автомобиль жолы арқылы ұйымдастырылатын болады.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 1-20 тамыз аралығында сызбаға сәйкес, жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Жоспарлаған бағыттарыңызды алдын-ала түзетулеріңізді сұраймыз.

Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз.