ШЫМКЕНТ: КӨПБАЛАЛЫ АНА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АРҚЫЛЫ КӘСІП АШТЫ
Мемлекет еңбекқор азаматтарға әрдайым қолдау көрсетуге әзір. Өткен жылы Шымкентте 428 тұрғын қайтарымсыз грант арқылы кәсібін ашты. Солардың бірі – көпбалалы ана Жұлдыз Бураева. Ол гипстен сәндік бұйымдар жасап, хош иісті майшамдар мен түрлі сабын өнімдерін шығарумен айналысуда.
Бала күтімімен үйде отырған Жұлдыз бұл кәсіпті интернеттен үйренген екен. Уақыт өте келе қызығушылығы артып, қолөнер шеберлерінен қосымша білім алған. Өз брендін қалыптастыруға шешім қабылдаған тұрғын қайтарымсыз грантқа өтінім беріп, жобасын сәтті қорғайды.
Биыл гранттық өтінімдерді қабылдау сәуір, шілде айларына жоспарланған. Қаржылай қолдау көлемі – 400 АЕК немесе 1 572 800 теңгені құрайды.
Бағдарламаға қоғамның әлеуметтік жағынан әлсіз топтары саналатын – атаулы әлеуметтік көмек алушы көпбалалы отбасылар, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы қандастар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, ең үлкен баласы ЖОО немесе орта кәсіптік мекемлерді білім алатын, 23 жастан аспаған бөпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар қатыса алады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі