ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен «Көктем -2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, сонымен қатар, аудандық азаматтық құрылым мүшелері қатысты.
Жиын барысында көктемгі кезеңде туындайтын су тасқынының алдын алу шаралары жан-жақты пысықталды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мейрамхан Кемелханов “Көктем -2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша іс-шара жоспарын баяндады.
Жиында аудан басшысы «Көктем -2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеп, аталған іс-шараны жоғары деңгейде өтуді жүйелі түрде қамтамасыз ету қажет екені ескертті.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 6 және 7 ақпан күндері Отырар ауданы аумағында «Көктем -2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.