ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

39

Бүгін Франция мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге ауданымызға арнайы сапармен келді.

Делегация құрамы «Borte Engineering» ЖШС-нің тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығару өндірісімен және «JNRAY Group» тігін фабрикасының жұмысымен танысты.

«Бөрте Милка» компаниясының кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. 400 сиырдан бастаған жүйелі түрде жұмыс істейтін инфрақұрылымы бар кешен: қазіргі уақытта голштейн-фриз тұқымды 750 сауынды сиыры бар, толық роботтандырылған тауарлы сүт фермасы, жеке жем цехы, жас малдарды бордақылау базасы, сүт өнімдерін өндіруге арналған сүт өңдеу зауыты. Жобаның жалпы инвестициялық құны 7,1 млрд.тг., жобалық қуаты – тәулігіне 50 тонна, 110 адам жұмыс істейді. 2024 жылы жаңадан салынған қора қолданысқа берілді, бұл айтарлықтай басқа модель. Оған 4 робот қызмет көрсетеді. 2025 жылы қосымша тағы қора жай салынып сауын сиыр басын 300 басқа ұлғайту, алдағы уақытта терең өңдеу арқылы сүттен ірімшік жасау процесінде алынатын қатты немесе жартылай қатты масса түріндегі сыр өнім өндіру жоспарланып отыр.

Өткізілген бас қосуда аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы ауданның даму бағыты, басымдықтары мен мүмкіндіктері жайында әңгіме қозғап, инвесторларды шикізаттық емес секторды дамытуға терең өңдеу және туризм саласын дамытуға қолайлы аудан екендігін айтып логистиканың дамуы инвесторларға инвестиция салуына ыңғайлы аудан екендігін айтып жеткізді.