АУДАНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін ауданда «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Аталған шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер бөлімі, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, Отырар аудандық электр желілері, байланыс торабы, аурухана және басқа да тиісті бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығудың бірінші күні авариялық құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу үшін орындар анықталды. Аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Құнанбайұлы және Отырар ауданы прокурорының орынбасары Серік Ізтілеуов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мейрамхан Кемелханов дайындық шараларын бақылауға алып, су тасқыны және олармен байланысты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады.
Оқу-жаттығу жұмыстары кезінде өрт сөндірушілер мен медициналық қызмет көрсетушілердің, электр қуатымен қамтамасыз ету, газ жүйесінің апаттық қызметі және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету қызметтерінің дайындығы да толық тексерілді. Бұған қоса азық-түлік және медициналық препараттар қорын құру мәселесі де жан-жақты қарастырылды.