«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студентері үш жақты келісім бойынша кәсіптік практиканы «Turkestan Textile» ЖШС мекемесінде өткізуде

40

Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжінің 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студентері үш жақты келісім бойынша кәсіптік практиканы «Turkestan Textile» ЖШС мекемесінде өткізуде. Оқу орынында алған білімдері мен дағдыларын кәсіпорын қабырғасында тәжірибеде сынауда. Серіктестік директоры Абултаев Алишер Ералиевич кәсіптік практика барысында біліктілігімен көзге түскен студенттерді ерекше атай келе, оқу орны мен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық жалғасын табатындығына сенім білдірді.
Еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальды оқытудың енгізілуі маман даярлау үдерісінде біршама жаңашылдықтар әкелгені сөзсіз. Студент қатарында жүріп өзін жұмыс орнында сынақтан өткізу арқылы болашақ мамандарымыз дағдылары мен біліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында оқитын білім алушыларымызға еңбек жолындағы қадамдарына сәттілік тілейміз!