ТҮРКІСТАНДА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында «Азаматтық қоғам: Заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам» тақырынба дөңгелек үстел өтті. Шара облыстық Қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен қолға алынған. Жиынға облыстық Әділет департаментінің өкілі Бағдат Үсенов пен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова қатысып, қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тіркеуден өтуін, қызметін тоқтату және есеп беру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және заң талаптарын құрметтеуге бағытталған. Жиында азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде
заңды сақтау және тәртіпті ұстанудың қоғамның тұрақты дамуына қосатын үлесі жайлы пікірлер айтылды.