ШЫМКЕНТТЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

7

Бүгінде қаламызда жалпы көлемі 1276 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтарда 427 жоба іске асырылып, 15 мың жаңа жұмыс орны құрылуда. Оның ішінде 403 жоба жүзеге асырылып, 9 мың адам жұмыспен қамтылды.

Индустриялық аймақтардың сыйымдылығы 90%-ға жетіп, қалада қосымша 1660 га аумақта 5 жаңа өндірістік аймақ құрылуда.

Жоспар бойынша “Оңтүстік” АЭА 175 га, “Жұлдыз” ИА 155 га, “Стандарт” ИА 118 га, “Темір” ИА 1076 га көлемде құрылады. Сауда-логистикалық орталығы 136 гектарға кеңейтіледі

Жаңа индустриялық аймақтарда 314 инвестициялық жобаны іске асыру және 13,6 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Қазіргі уақытта Сауда-логистикалық орталығын 136 гектарға кеңейту мақсатында инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты биылғы жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі