“МАРҒҰЛАН СЕЙСЕМБАЕВ СЕНГЕНДЕ, СЕН СЕНБЕЙСІҢ БЕ?…”

Халық құрметіне бөленген кәсіпкердің бірі де, бірегейі Марғұлан Сейсембаев. Ол рас. Қазіргі қоғамда Сейсенбаевқа сенетіндер көп. Әсіресе, креатив жастар. Ал, Марғұлан Сейсембаев кімге сенеді? Әрине, сенетін адамға сенеді. Бірге кәсіптес болған Руслан Берденов “Республика” партиясын басқарды. Парламентке депутат дәрежесіне жетті. Артық сөз ертпеген жігіт артынан. Жаңашыл. Идеясы көп жігіт. Бір білгіш “Берденов не істей қояр?”- дейді….
Сейсенбаев сенгенде, сен сенбейсің бе?..дедім. Уәж. Бір тәуірі
Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков те сенді. Президент әкімшілігі де сенім артты. Шымкентке әкімнің орынбасары болды. Құтты болсын!
Ол, орынбасар емес, келешек әкім болады. Алла бұйыртса. Тілектеспін.
Қазақтың маңдайына тек “НұрОтпн” мен “Аманат” партиясынан ғана әкім тағайындау жазып қойсын ба?..
“Республика” партиясының өкілдері де өссін…
Тіпті, “Ауыл” партиясынан Парламент мәжілісі депутаты атанып, Парламентте талай адамның “парын” шығаоып, талай шенеунікті терлетіп жүрген Anas Ahatuly Bakkozhayev секілді жаңашял, жас тұлғалардан да әкім шыққанын әбден қалаймын.
Руслан Берденов іске сәт! Рас, “Республиканы” алға сұйредің! Енді, Шымкентті алға сүйре! Шымкент деген де біле-білгенге бір “Республика”, бір “ТЕХАС” сияқты өңір…. Өзіңде өс, өңірді де өсір!
Айтпақшы, Руслан Берденовтың өмір дерегін оқысаңыз төменде…
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін “Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы “Procter & Gamble LLP” компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары “EASTCOMTRANS” ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары “Aq Niet Group” бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.
Жақсы ісіңмен жарқырай бер Руслан бауырым!
Ерсұлтан Әмірбек
Журналист