ТҰРАН АУДАНЫНДА 33 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

9

Биыл Тұран ауданында «Халық қатысаты бюджет» жобасы аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 33 жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 18 балалар ойын алаңы, 13 балалар ойын және ашық спорт алаңы, сондай-ақ 2 ортақ пайдалануға арналған қоғамдық орын пайдалануға беріледі.

Жергілікті азаматтардың ұсыныстары бойынша Отырар, Спорт, Самал -1, Ақжар, Ақтас, Қазығұрт, Құрсай, 8-шағынаудандары мен елді мекендерде балалар және спорт алаңшалары салынатын болады.

Айта кетейік, 2024 жылы Тұран ауданы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 40 жоба іске асырылды. Оның ішінде 30 балалар ойын алаңы, 8 балалар және спорт алаңы, сондай-ақ 2 спорт алаңы салынған болатын.