
Мұнан соң Бейсенбай Дәулетұлы «Амангелді» атындағы жалпы білім беретін мектебін аралады. Ғимараттың ахуалы, материалдық-техникалық базасы, сыныптардың жабдықталуын бақылады. Білім ұясын ағымдағы жөндеуден өткізу ұсынылып отыр. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары, Face ID камералары орнатылуға тиіс екені ескертілді. Жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы жүргізу жүктелді.