ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОР САУРАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ФИЛИАЛЫН АШУҒА НИЕТТІ

23
✔️Сауран ауданының әкімі мен Қытайдың «Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd.» компаниясы өкілдерінің арасында маңызды кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін компания Сауранда өз филиалын ашуға дайын екенін білдірді.
✔️Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd. — 1998 жылдың мамыр айында негізі қаланған жоғары технологиялық кәсіпорын. Компания ауыл шаруашылығы техникасын зерттеу, жасау, өндіру және сату саласында жетекші орындардың бірін иеленеді. Бүгінде компанияның өнімдері Қытайда ғана емес, халықаралық нарықта да жоғары сұранысқа ие.
✔️Компания құрылған күннен бастап ауыл шаруашылығы саласына қажетті заманауи техникалардың кең спектрін шығарып келеді.
✔️Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылап, компанияның өндірісін орналастыру үшін аудандағы өндірістік аймақтар көрсетілді. Сондай-ақ кәсіпорынға қажетті инфрақұрылым мен жер телімдері бойынша түсініктеме берілді.
✔️Сауран ауданы үшін бұл жобаның маңызы зор. Аталған компанияның филиалы ашылған жағдайда, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, заманауи техникалардың қолжетімділігі артады. Сонымен қатар бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан экономикасын дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Келіссөздер сәтті аяқталып, тараптар алдағы уақытта серіктестік орнату бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.