ORDABASY: КЕЗЕКТІ АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

41
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті.
Апталық жиынға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты.
Алғашқы болып аудандық құрылыс, саулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов аудан көлемінде заңсыз және заң талаптарын бұза отырып салынған құрылыс нысандары бойынша баяндап, Шұбарсу, Бадам, Қараспан, Шұбар, Бөржар, Бөген, Қажымұқан ауыл округтеріндегі нысандарға тоқталды.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон орындары және елді мекендерде тазалық жұмыстарын жүргізетін мекемелердің жұмыстары туралы баяндады.
Онан соң, аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Исмайл Исхаков Ордабасы ауданындағы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстары баяндай келе аудан әкімі аппараты басшысының қатысуында, ауданға қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының заңдылықтарын сақтау сыйлық бермеу және алмау туралы айына 1-рет арнайы жиын өткізілгенін жеткізді.
Жиын барысында аудан басшысы мәселелерді жеке-жеке талдап, сала орынбасарларына бір қатар хаттамалық тапсырмалар жүктеді.
Мәжіліс соңында қоғамдық саяси ахуал, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы, әскерге шақырудың бүгінгі күндегі атқарылған жұмыстары нақтыланып, әр сала бойынша тапсырмалар берілді.
Сондай ақ, күн тәртібінен түспейтін санитарлық тазалық жұмыстары, абаттандыру-көгалдандыру жұмыстары пысықталды.