Шымкент: Әл-Фараби ауданында ағаш кесу жұмыстары жүргізілуде

386

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының көшелерінде жол белгілерін жауып қалған және электр желілеріне тиіп тұрған талдардың бұтақтары кесілді. Аталған жұмыстар Шымкент қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының нұсқамасына сәйкес атқарылуда.

Сондай-ақ ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары ауданның көпқабатты үйлерінің ауласында да жүргізілуде.Себебі ағаштың өсіп кеткен бұтақтары жел соқса, электр сымдарына зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін.

Аудан аумағындағы аулалардағы ағаштарды ретке келтіру және кесу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.