ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢДАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

29

Шымкент қаласының аудан аумақтарында балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Қазіргі таңда Абай ауданының «Достық» және «Нұршуақ» шағынауданында жаңа балалар ойын алаңшаларының құрылысы басталды. Аталған жоба екі мердігер мекеме – «Агат-7» және «Бадам Кум LTD» тарапынан жүзеге асырылады.

Аулаларды абаттандыру жұмыстары балалардың бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ, ауданның инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған.

Айта кетсек, аудан аумағында биыл балалалар ойын алаңшалары Көкбұлақ, Бозарық, Асар-2, Қайнарбұлақ, Самал-3 шағынаудандарында және басқа да тұрғын алаптарда орнатылады. Әлеуметтік жоба аясында балалар үшін қауіпсіз, жайлы және заманауи ойын алаңдары салынып, бұл жұмыстар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді.