ORDABASY: ЗИЯНКЕС ШЕГІРТКЕЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аса қауіпті ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрес – агроөнеркәсіптік саланың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен зиянкес шегірткелерге қарсы күрес шараларын талқылауға арналған арнайы жиын өтті.
Жиын барысында зиянкес шегірткелердің таралуына байланысты жағдай талданып, ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау бойынша нақты іс-шаралар қарастырылды.
Шегірткелердің таралу аймақтарын анықтау және мониторинг жүргізу;
Химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы және тиімді ұйымдастыру;
Шегірткеге қарсы биологиялық және агротехникалық шараларды қолдану;
Дезинсекциялау жұмыстарының сапасын бақылау;
Шаруалар мен ауыл тұрғындарын ақпараттандыру және қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері көтерілді.
Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Жәмәділұлы жауапты ауылшаруашылық мекемесі мен тиісті сала мамандарына шегіртке зиянкестеріне қарсы күресті күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, атқарылатын жұмыстардың орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін баса айтты.
Бұл мәселе ауданның ауыл шаруашылығына үлкен әсер ететіндіктен, тиісті мекемелер мен шаруашылық өкілдеріне тиімді күрес шараларын уақытылы жүзеге асыру міндеттелді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, алдағы атқарылатын жұмыстар пысықталды.