БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР ПІКІРІ АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

Атқарушы биліктің халық пікірін басты назарға алып, жұртшылыққа қажетті бастамаларға қолдау көрсетуі қоғамымыздың ілгерілеуінде өте маңызды рөл атқарады.
Осы орайда бүгін аудан басшысы Азат Оралбаев аудандағы бірқатар белсенді азаматтармен кездесу жиынын өткізді.
Жиынға аудан белсенділері, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері мен сала мамандары қатысты.
Кездесуге келген белсенді азаматтар аудандағы жетістіктерге ризашылығын білдіре отырып, бірқатар мәселелер көтерді. Атап айтсақ, балаларға арналған ойын алаңшаларын салу, газ құбырларын тарту, жол кедергілері мен жолға бейне камералар орнату, ауыл амбулаториясындағы маман жетіспеушілігі сынды көкейтесті мәселелерді алға қойды.
Аудан әкімі әр ұсыныс-өтінішті жауапты қызметкерлермен егжей-тегжейлі сараптап, оларға сол мезетте тиісті тапсырмалар берді. Ел игілі үшін белсенді азаматтармен бірлесе жұмыс атқаруға әрқашан дайын екенін жеткізді.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі