ЕЛДІҢ ҚУАТЫ — БІРЛІГІНДЕ

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы өтті. Сессия аясында қатысушылар ел бірлігін нығайту, этносаралық келісімді сақтау және Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі маңызын талқылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда ҚХА бүгінде қоғамдық келісімнің бірегей инфрақұрылымын қалыптастырған қуатты тармақтары бар институтқа айналғанын атап өтті.
— Ассамблея қоғамда кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеуге белсене атсалысып келеді. Александр Папп Ассамблеяның Жұмысшы мамандықтары жылын өткізуге белсене кіріскенін атап өтті. Өткен жылы Еңбек күнінде Сенат пен Мәслихат депутаттары Ассамблея мүшелерімен бірге еліміздің ірі кәсіпорындарына барып, өндіріс ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бұл бастаманы Еңбек күнін атап өтудің жаңа дәстүрі ретінде биыл да жалғастыруға болады. Осылайша, ҚХА бүгінде қоғамдық келісімнің бірегей инфрақұрылымын қалыптастырған қуатты тармақтары бар институтқа айналды. Жер жүзінде мұндай бірегей ұйым құра білген мемлекет кемде-кем. Ассамблеяның арқасында еліміздегі барлық этностар Қазақстандағы оң өзгерістердің бел ортасында жүр, — деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту жолында адал қызмет етіп жүрген Ассамблеяның барлық белсенді азаматтарына алғыс айтты.
— Мен жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту жолында адал қызмет етіп жүрген Ассамблеяның барлық белсенді азаматтарына шынайы алғысымды айтамын. Туған жерге пайдамды тигізсем деген алғаусыз ниетті өмірінің мәніне айналдырған олар нағыз отаншылдық пен адал азаматтың үлгісін көрсетті. Ассамблея Төрағасының қоғамдық орынбасарлары ретінде жыл бойы лайықты еңбек еткен Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шинге ризашылығымды білдіремін. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары болып жаңадан тағайындалған Дмитрий Валерьевич Останькович пен Расул Сурмалиевич Ахметов — қоғам құрметтейтін абыройлы азаматтар. Олардың білімі мен білігі Ассамблеяға үлкен пайдасын тигізеді деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сессияда Президент атап өткендей, өткен жылы Ассамблея барлық өңірде 15 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды. Оған 1 миллионға жуық адам қатысты. Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде азаматтарымыз зардап шеккен жандарға көмек қолын созып, ырысты ынтымақ пен бірліктің тамаша үлгісін көрсетті. Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасы аясында 12 мыңнан астам ерікті ортақ іске жұмыла кірісті. Олар гуманитарлық көмек пен жылу жинады. Қираған үйлерді қалпына келтіруге атсалысты.
Жалпы, ел бірлігін нығайту ісінің стратегиялық маңызы ерекше. «Соның айқын дәлелі ретінде Ассамблеяның «Ел бірлігі» ордені атты жаңа мемлекеттік награда тағайындалды. «Бірлік» ұғымы қазіргі дүние жүзіндегі тұрақсыз жағдайда аса маңызды. Әлемде, әсіресе, біздің айналамыздағы кейбір елдерде не болып жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан шын мәнінде, «Бірлік бар жерде ғана тірлік бар». Бұл – ақиқат», — деді Президент.
Рамилия Мустафаева,
Түркістан облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы
