Сәуір айында ЭЕБ-да белсенділік өсуі байқалды

20

2025 жылғы сәуірде «Enbek» электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) жұмыс берушілер тарапынан да, ізденушілер тарапынан да іскерлік белсенділіктің өсуі тіркелді: 97,5 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарландыру және 115 мың түйіндеме орналастырылды. Осы жылдың наурыз айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 17,3 мың бірлікке (+22%), лл түйіндеме саны – 19,7 мыңға (+21%) өсті.
Еңбекке сұраныс құрылымында біліктілік деңгейі орташа мамандар үшін бос жұмыс орындары басым – 46%. Жоғары білікті кадрларға сұраныс жалпы бос жұмыс орындарының 31% құрайды, ал бос жұмыс орындарының 23% біліктілік дәрежесін талап етпейді. Осылайша, тар бейінді мамандарға сұраныстың жоғары деңгейімен орта буын мамандарына деген қажеттілік тұрақты түрде сақталады.
Өңірлік бөліністе бос жұмыс орындар санының ең көп өсуі Ақмола (+59%) және Түркістан өңірлерінде (+55%), сондай-ақ Абай облысында (+53%) тіркелді. Көрсеткіштердің шамалы төмендеуі Жетісу және Ұлытау облыстарында (-10%) байқалады.
Түйіндеме санының ең көп өсімі Абай өңірінде (+47% немесе 1,2 мың бірлік), Батыс Қазақстан (+43% немесе 1,8 мың бірлік), Атырау (+29% немесе 1,7 мың) және Павлодар (+29% немесе 0,8 мың) облыстарында байқалды.
Гендерлік құрылым бойынша түйіндеменің 57%-ы әйел үміткерлерден, ал 43%-ы ер адамдардан түседі. Жас бөлінісінде 18-35 жас аралығындағы (45,6%) жұмыс іздеушілер басым, одан кейін 36-45 жас (27,5%), 46-55 жас (16,1%) және 55 және одан жоғары (10,8%) топтар. Бұл деректер жастардың еңбек нарығында ұсынысты қалыптастыруға белсенді қатысуын көрсетеді.
Ең жоғары жалақы келесі позициялар бойынша сұралып отыр: ауылдық елді мекендердің басқару органдарындағы бас маман – 1 млн 955 мың теңгеден бастап, өңдеу өнеркәсібіндегі комплаенс жөніндегі маман – 1 млн 100 мың теңге. Бұл ретте ізденушілердің жекелеген бос жұмыс орындары бойынша мәлімделген күтулері осы мәндерден асып түсті: басшы лауазымдарға үміткерлер мен it-дизайн саласындағы мамандар қажетті табыс деңгейін шамамен 9 млн теңге, бас директордың позициясына – шамамен 8 млн теңге көрсетті.
2025 жылғы сәуір іскерлік және экономикалық белсенділіктің өсуімен, орта біліктілік деңгейіндегі бос жұмыс орындарына қызығушылықтың артуымен, сондай-ақ еңбек нарығында тұрақты жас және гендерлік құрылымның сақталуымен байқалды. Жалақы күтулері мен ұсыныстарының әртүрлілігі салалар мен кәсіби бағыттардың ерекшеліктерін көрсетуді жалғастыруда.