ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

227

Бүгін Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә.Әлішев, сайлау комиссиясының мүшесі Д.Оразымбетов Бәйдібек ауданында оқыту семинарын өткізді.
Оған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, орынбасары, хатшысы, барлық мүшелері және округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Семинарда күнтізбелік жоспарға сай алдағы өтетін сайлауға дайындық және оны өткізу бойынша атқарылатын жұмыстар, сайлау барысында туындайтын ситуациялық сұрақтар көтеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарда қатысушылардың тараптарынан сауалдар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.
Еске сала кетсек, биыл 19 наурызда елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған.