Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

499

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында тамырын тереңге жайған мәуелі ағаштар мен жайқалған гүлдерге айрықша көңіл бөлініп отыр. Бүгінде аудан әкімдігінің жауапты мамандары аудандағы жасыл-желектердің жағдайын жіті тексеруді қолға алды.

Қазіргі кезде ауданға қарасты көше бойларындағы ағаштарды пішімдеп кесу жұмыстары жүргізілуде. Жайқалған гүлдерді арамшөптерден тазалап, түбін босату, суғару жұмыстары да қатар атқарылуда.

Сондай-ақ, аудан әкімі Рашид Мыңбаев жасыл-желектерді күтіп-ұстауға жауапты «Build stroi» және «Назар» ЖШС мекемелеріне дарақтар мен гүлдерге дұрыс күтім жасауды тапсырды.

Басты және ішкі орамдық көшелердегі газондарды қырқу, шөп ору жұмыстары да назардан тыс қалмайды.