Түркістан қаласындағы бірлік пен тұрақтылықтың қазақстандық моделі

62

Түркістан қаласындағы жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі – Қазақстанның көпұлтты қоғамындағы татулық пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің аймақтық көрінісі. Бұл модель жалпы ел бойынша қалыптасқан бейбітшілік, келісім және этносаралық татулық қағидаттарына негізделе отырып, Түркістанның тарихи, мәдени және демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып дамиды. Түркістан облысындағы жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі – тарих пен қазіргі уақыттың сабақтастығы, рухани келісім мен ортақ құндылықтарға негізделген бірлік үлгісі. Ол Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің негізгі тірегі ретінде өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Түркістандық тұрғындардың назарына жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Президенттің пікірінше, Ассамблея құрылған уақыттан бері азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңірді.

— Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқаратынына сенімдімін. Бүгінгі сессияның міндеті — Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі орны мен рөлін анықтау, оны әрі қарай дамытудың бағытын белгілеу.  «Біз әртүрліміз — біз теңбіз» қағидаты саяси жаңғырудың іргелі компоненті деген пікірді ұстанамыз, — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің үш негізқұраушы басымдығын айқындап берді. Біріншісі — саяси реформаларды жүзеге асыру ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту.

— Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасының жойылуы демократиялық сайлау стандарттарының сақталуына қатысты бірқатар мәселенің күн тәртібінен алынуына септігін тигізеді. Осы ретте Ассамблеядан ұсынылған сенаторлар жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандылық негізінде Қазақстандағы этникалық топтардың барлық мүддесін тиімді қарастыратын болады. Мұндай модель Қазақстанның парламенттік жүйесінің халықаралық тәжірибесі мен ерекшелігіне сай келеді, — деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттығына ұсынылатын үміткерлерді таңдаудың тиімді әрі ашық рәсімдерін әзірлеу қажет екенін атап өтті. Бұл мәселенің бәрі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» жаңартылған заңда көрініс табуға тиіс.

— Партиялық және сайлау жүйелерінің реформасы барлық азаматтың сайлау үдерістеріне қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Іс жүзінде тұтас сайлау ландшафтын қамтитын жаңа партиялар пайда болады деп болжануда. Партиялық тізім, сондай-ақ бірмандатты округтер бойынша үміткерлерді сайлау Қазақстанның этникалық әралуандығын шынайы түрде көрсетеді. Сонымен қатар этносаралық факторды саясиландыруға және бұл тақырып бойынша арандатушылық сипаттағы талқылауларға да мүлде жол беруге болмайды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Тәуелсiз Қазақстан 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарға ортақ мекен бола бiлдi. Бүгiнде елiмiздi мекендеген ұлттардың өз тiлi мен дiлiн, мәдениетiн дамытуда кедергi жоқ. Оның бәрi Елбасының көреген саясаты мен елiмiзде қалыптасқан ұлтаралық достықтың негiзiнде жүзеге асуда. Ал оны Қазақстан халқы Ассамблеясы одан әрi нығайта түстi. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына он тоғыз жыл. Осы аралықта қоғамдық институт көпұлтты елiмiздегi халықтар арасындағы достықтың нығаюына зор көшбасшысының төрағалығымен Елордасы Астанада Ассамблеяның сессиясы өткiзiлiп, онда алда атқарар жұмыстар мен бағыт-бағдарлар нақтыланып отырады. Биылғы өткен 21-шi сессияның да қоғам мүшелерiне жүктеген мiндеттерi зор. Мемлекет басшысы Ассамблея сессиясында көптің көңіліндегі ең жылы және ізгі сезімдерді қозғап, олардың көкейіне татулық, тыныштық және тұрақтылыққа деген үміт ұялатты. Ортақ игіліктің ұлықталып, ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте . Келісім- экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек, — деп тоқтала келе Ассамблеяның ең басты міндеті – қоғамдық келісім. Татулық пен тұрақтылық , ең алдымен, ел иесі ретінде қазаққа керек.