АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!

4

Ауданымызда балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, құнды қасиеттерге баулу, рухани бай адамды қалыптастыру мақсатындағы іс-шараларға әрдайым қолдау көрсетіледі.

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Армандар орындалады» атты жеке әлеуметтік жобаның авторы мемлекеттік «Шапағат» төсбелгісінің иегері Әсел Бимырзаеваның ұсынысымен, аудандық әкімдік тарапының қолдауымен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Ерекше әлем» атауымен мерекелік концерт өтті.

Бұл шара мереке қарсаңында ауданымыздағы ерекше күтімді қажет ететін балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, оларды қуанту мақсатында ұйымдастырылды.

Концерт ашылуында Әсел Бимырза ерекеше күтімдегі балалардың тәрбиесіне ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы әсер ету, жақсы көре отырып балаға бақыт сыйлау бағытындағы өзінің авторлық жобасын таныстыра отырып, баршаны мерекемен құттықтады.

Мерекелік шараға аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостан Жәкей қатысып, «балалардың қуанышы бәріміздің қуанышымыз, балаларға бақыт сыйлау біздің мәртебелі міндетіміз. Осындай игі шараны қолдауға әрдайым дайынбыз» — деп жүрекжарды тілектерін білдіріп, жас өскіндерді арнайы марапаттап, сый-сияпат тапсырды.

Концертте өнерлі жас өркендер ән айтып, өнерлерін паш етті.

Балалар шаттана берсін!

Бүлдіршіндер бақытты болсын!