Патриоттық тәрбиенің мақсаты жас ұрпақтың жақсы қасиеттерін қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін жұмсауға қалыптастыру

68
Бүгінде Түркістан қаласында жас буынға бағытталған танымдық жұмысқа, патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған шараларды өткізу кеңінен қолға алынған. Осы ретте, 26 маусым- «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай Түркістан қаласында тұрғындар арасында кең көлемді велошеру өтті. Шараның негізгі мақсаты – қоғам арасында патриоттық сезімді арттыру және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, халық назарын нашақорлықтың алдын алу, оның зиянды салдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Аталған дата БҰҰ Бас Ассамблеясының 1987 жылғы шешімімен бекітіліп, бүкіл әлемде есірткінің заңсыз айналымы мен тұтынуына қарсы күрес күні ретінде аталып өтеді. Іс-шара таңғы сағат 08:00-де Денсаулық саябағында басталды. Қатысушылар арнайы белгіленген бағытпен велошеруге шығып, белсенділік танытты. Шара барысында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысушыларға қоғамның ортақ қасіретіне айналған нашақорлықпен күрес жолында жұмыла әрекет ету қажеттігін атап өтті. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Сан ғасырлар бойы Қазақстан тарихында патриотизм ұғымы ерекше мәнге ие болып келеді. Сол замандардан бері қазақ халқының бойыны сіңген, елін-жерін сүю, қорғау, қызмет ету, ынтымақтастықты ту етіп ұстау, дәстүрге құрмет көрсету мәдениеті қалыптасты. Осы тұрғыда өсіп келе жатқан ұрпақтың да бойына патриотизм құндылықтарын сіңіріп, оның жалғастығын үзбеу маңызды мәнге ие. Патриоттық тәрбиенiң барлық жүйесiн ұйымдастырып, оның жұмыс iстеуiн және бақылауды қамтамасыз ететiн негiзгi институт мемлекет болып саналады. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу  Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективалы мемлекеттік жастар саясаты бағыттарының бірі болып табылады.

Президент Қасым­Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық пат­риотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», деген болатын. Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. Адамның бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриоттық құндылықтар тал бесіктен бойымызға сіңе бастайды. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары туралы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн“,-деген болатын. Ендеше рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарға, тəрбиелеу күн өткен сайын маңызы артып келеді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды ана тілін, тарихын, салт-дəстүрін жетік білетін, құрметтейтін, жанашырлық, сенімділік, намысшылдық секілді мінезді бойына сіңірген ұрпақты қалыптастыру арқылы ғана əлемдік деңгейге көтере аламыз. Ол үшін жеке тұлғаны қалыптастыру құралдары ретiнде ұлттық тәрбие мен педагогика үдерісіне ерекше көңіл бөлу керек. Педагогика адам тәрбиесіне қатты әсер етеді, сондықтан педагогиканы патриотизм тәрбиесінде белсенді қолдану керек.