Түркістанда “AqylTech және IT-Aiel” воркшопы өтті!

Түркістан қаласында цифрлық және қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған IT-Aiel бағдарламасы аясында шара өтті. Жастар мен әйелдер заманауи технологиялар, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект негіздерін меңгерді. IT-Aiel бағдарламасы аналар мен қыз-келіншектердің экономикалық дербестігін күшейтуді мақсат етеді. AqylTech жобасы ауыл жастарына қаржылық сауаттылық пен цифрлық дағдыларды үйретеді. Бұл бағдарлама, көптеген әйелдерге жаңа салада өз мүмкіндігін асыруға көмек береді.
Қазақстанда 2023 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан IT-Aiel жобасы өршіл, бірақ қол жеткізуге болатын мақсаттарды алға қояды. Себебі жобаның мақсаты сұранысқа ие IT мамандықтары арқылы әйелдерге қаржылық тәуелсіздік алуға көмектесу болып табылады.
⠀