Сайрам ауданында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

31

Түркістан облысы, Сайрам ауданы аумағында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы, отбасылық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Шара аясында тәртіп сақшылары мен прокуратура қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп аудан көлемінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара халықты кибер қауіп туралы хабардар етіп өз құқығын білдіру, интернет-алаяқтардың тәсілдерін тануға үйрету және балалар мен ересектерді цифрлық алаяқтардан қорғау.

Аталған шара барысында тұрғындарға интернет алаяқтықтың түрлері, оны тану жолдары, жеке деректерді қорғау ережелері, онлайн қауіпсіздік негіздері және құқықтық көмек алу тетіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, нақты мысалдар арқылы алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері көрсетіліп, алдын алу жолдары ұсынылды. Мамандардың айтуынша, құқықтық сауаттылықты арттыру – азаматтардың алаяқтарға алдану қаупін төмендетіп, қоғамда заңға деген құрметті қалыптастырады. Осындай алдын алу шараларының арқасында тұрғындар өз құқықтарын білуге, құқықтық көмекке жүгінуге және киберқауіпсіздік мәдениетін ұстануға ынталы бола түсуде. Шара соңында қатысушыларға арнайы дайындалған құқықтық жадынамалар мен бейнематериалдар таратылып, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған пайдалы кеңестер берілді.