ТҮРКІСТАНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері мен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдағы өзекті мәселеге айналған интернет алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында өткізілген бұл шарада 1000-нан астам адам қамтылды. Шара барысында полицейлер интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жадынамалар таратып, тұрғындарға кибер қылмыстан сақ болуды ескертті.