ТҮРКІСТАНДЫҚ 100 ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ ГИННЕС РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНУІ МҮМКІН

8
Алматы қаласындағы “Медеу” мұз айдынында ұлттық қолөнерді ұлықтауға арналған ерекше көрме өтті. Бұл – белсенді қолөнер жанашыры, өнертанушы Нұргүл Абайханның бастамасымен жүзеге асқан “ALAMAN QURAQ-2025” жобасы аясындағы айтулы шара. Жобаға Түркістан облысынан 100 құрақшы қатысты. Олар ұлттық өнердің ұлықталуына өзіндік үлесін қосып, ерекше шараға белсене қатысты. Аталған жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткер ретінде ұсынылып отыр. Көрмеде 660 құрақ көрпеше мен ұлттық нақыштағы “Алма жастық” үлгілері қойылды. Көрменің басты символына айналған қызыл оюлы Алма жастық — Алматы қаласының бейнесін паш етсе, республиканың түкпір-түкпірінен келген 660 құрақшы өз қолымен дайындаған көрпешелерін ұсынды. Олар ұлттық киім киіп, халқымыздың көне өнерін заманауи деңгейде танытты. “Аламан құрақ” – бұл тек қолөнер көрмесі емес. Бұл – ұлт рухының жаңғыруына бағытталған ірі мәдени бастама. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық сананы тәрбиелеу, дәстүр мен өнерді ұштастырып, ата-бабадан қалған рухани мұраны келер ұрпаққа аманаттау.

Қолөнер – ұлттық мұра мен патриоттық сезімнің қайнар көзі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлттық сана мен патриоттық сезімді қалыптастыруда қолөнердің маңызы ерекше. Өйткені әрбір қолдан жасалған бұйым – тарихтың, дәстүрдің, ұлттың рухани коды. Қолөнер арқылы жас ұрпақ ата-баба мұрасымен терең танысып, өз елінің мәдениетіне деген құрметін арттырады. Қазақтың тоқыма, зергерлік, кесте, тері илеу, ағаш және металл өңдеу секілді дәстүрлі қолөнері – елдік пен ерлік шежіресінің бейнесі. Осы бағытта ұйымдастырылып жатқан көрмелер, шеберлік сағаттары мен үйірмелер жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықты бағалауға баулиды. Тәрбиелік мәні зор қолөнер арқылы өскелең ұрпақ өз елінің тарихын мақтан тұтуға, мәдениетіне құрметпен қарауға, ұлттық бірегейлігін сезінуге тәрбиеленеді. Бұл – шынайы патриотизмнің негізі. Патриотизмнің бастау негіздері – се­нім, үміт, адалдық. Бала бола­шағына, еліне сеніп өсуі маңызды. Бүгінгі жастар арасындағы патриотизмнің деңгейін білу үшін олардың қай тілде сөйлеп жүргеніне қарау жеткілікті. Бала 10 тіл білсе де бір ғана ана тілін же­тік білудің орнын толтыра алмайды. Пат­риоттықтың іргетасы тілмен қалып­тасады. Тіл арқылы діл, дәстүр, мәдениетке деген сүйіспенші­лік оянып, оның негізінде патриоттық сезім оянады. Сонымен қатар жастар­­дың патриоттық сезімі елдің ұлттық идеологиясына тіке­лей байланысты. Патриот жас – өз Отанын сүйетін, кешегісін біліп, ертеңін ойлап, бүгін оның дамуы үшін өз саласында кішкен­тай болсын үлесін тигізуге әрекеттеніп жүрген адам. Менің ойымдағы патриот жас оптимист, еңбекқор және білімге құштар. Қазақ жастарының әдет-ғұрып­қа, ұлттық мәдениетке, Отанға деген сүйіс­пен­шілігі жаңғырып келеді. Мұның айқын көрінісі – қыздар арасында қазақы тақия­ның қайта трендке айналуы. Жал­пы, қазақ жастарының киім кию үлгілері этностық стильде болып, белгілі бір ұлт­тық атрибуттарды қолдануы – ұлттық мәдениетке деген құрмет. Патриоттық­тың негізі адамның адамгершілік деңге­йінде өз мә­дениетіне, тарихына, Отанына де­ген сүйіспеншілігінен басталады. Сон­дай-ақ патриотизмнің бір компоненті ретінде тілді алатын болсақ, қазіргі жас­тардың көбі қазақ тілінде сөйлейді.

Патриотизмді қалыптастыру – бұл адам­ның күш-жігерінен, отбасы, оқу ор­нынан бастап, саяси билік органдары­на дейінгі әртүрлі әлеуметтік институт-тардың қажырлы жұмысын талап ететін күрделі процесс. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Сондықтан патриоттық сезімді қалыптастыру үшін, ең алдымен, ана тіліміздің қолдану аясымен қатар мектеп кезінен балаларды ішкі туризммен де таныстыру керек. Егер оқушылар сабақ барысында оқыған тарихи жерлерін көздерімен көрсе, басқа да өзі сияқты оқушылармен танысса, өзара пікір алмасу арқылы еліміз туралы көбірек білер еді. Бұл білімге баулиды әрі елге деген сүйіспеншілікті оятады. Одан қала берді туризм де дамиды.