ОРДАБАСЫДА АБАЙ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

10

Ұлы ақын, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай республика көлеміндегі іс-шаралар легі басталды. Осы орайда, ауданымыз әлем таныған бабамызды дәріптеу мақсатындағы шараларды алғашқылардың бірі болып қолға алды. Апталық барысында ақын мұрасын ұлықтайтын түрлі форматтағы танымдық, әдеби, өнер шаралары ұйымдастырылуда.

Іс-шаралар легі:

1 тамыз

«Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы» атты кітап көрмесі

«Әлем таныған Абай» – кітапхана оқырмандарының шығармашылық кеші

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты тарихи-танымдық кеш (Бадам а/о)

2 тамыз

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты тарихи-танымдық кеш (Төрткүл, Қарақұм а/о)

3 тамыз

«Абай» көркем фильмінің көрсетілімі

4 тамыз

«Абай мұрасы – халық ұлағаты» әдеби кеш

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты тарихи-танымдық кеш (Жеңіс а/о)

5 тамыз

«Абайтануға жаңаша көзқарас», «Абайдың ән әлемі» оқырман кездесуі

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты тарихи-танымдық кеш (Шұбарсу а/о)

6 тамыз

«Руханият. Парасат. Таным» тағылымдық басқосу

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты тарихи-танымдық кеш (Қараспан а/о)

7 тамыз

«ХХІ ғасырдағы Абай туралы оқыту: ұлттық болмыс, рухани дәріс, жаһандық дағды» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар

«Абай тағылымы» – тіл үйрену маңыздылығы туралы дөңгелек үстел

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» кеші (Бөген а/о)

8 тамыз

«Абай – ұлт руханиятының темірқазығы» – мерекелік концерт

9 тамыз

Тоғызқұмалақтан аудандық жарыс

«Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты тарихи-танымдық кеш (Шұбар а/о)

«Желсіз түнде жарық ай» – мерекелік ән шашуы

9 тамыз

Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі (Ұялыжар ауылы, Абай ж/о мектебі)