ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН 60 КЕЛІ БАЛЫҚТЫ ТӘРКІЛЕДІ

171

Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, заңсыз балық аулаудың кезекті фактісін анықтап, жолын кесті.

Нақтырақ айтсақ, Шардара су қоймасы учаскелерінің бірінде рейд жүргізу барысында заңсыз балық аулаумен айналысқан Шардара қаласының тұрғынын анықтады. Тәртіп сақшылары ер адамнан қайық, балық аулау торлары мен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіледі.

Бұл факт ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз алу» бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.