ОРДАБАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ!

Ауданымызда өтіп жатқан әуесқойлар арасындағы аймақтық футбол лигасының тартысты ойындары өз мәресіне жетті!
Бүгінгі кезеңде Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам және Түлкібас аудандарының құрамалары күш сынасып, финалға жолдаманы сарапқа салды.
Нәтижесінде Ордабасы ауданының құрамасы 6 ұпай жинап, топтан оқ бойы озып шығып, финалдық кезеңге жолдама алды!
Финалдық бәсеке:
13–15 тамыз күндері, Түркістан қаласы, TURKISTAN ARENA стадионында өтеді!
Барша Ордабасы жұртшылығын осы маңызды жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!
Үш күн бойы жанкүйер болып, жігіттерге демеу көрсеткен баршаңызға алғыс білдіреміз!
Алға Ордабасы!