АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІККЕ 200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ АТСАЛЫСТЫ

— Бүгін аудан орталығы Темірлан елді мекенінде орналасқан, жақында ел игілігіне берілуі жоспарланған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мәдени-спорттық кешеннің аумағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
— Шараға ауданның түрлі сала өкілдері мен тұрғындар белсенді қатысты. Қатысушылардың құрылысы аяқталған аумақты тазалау, ретке келтіру мақсатында бірлесе еңбек еткен бұл сенбілік жұмыстары тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын көрсетті.
— Жаңа кешеннің іске қосылуы аудан тұрғындарының спорт пен мәдениетті дамытуға деген ынтасын арттырып, аймақтың әлеуметтік өміріне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.