ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

Түркістан облысы полиция департаменті Бәйдібек аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің Отбасындағы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры А. Утебаева аудан көлемінде ұйымдастырылған Отбасылық – демографиялық спяспт жөгіндегі комиссия отырысына қатысты.
Жиында «Мансап орталығы» тарапынан әйелдер арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар баяндалды. Атап айтқанда, кәсіби бағдар беру, қайта даярлау курстары және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету бағытындағы жұмыстар таныстырылды. Өз кезегінде полиция майоры А.Утебаева «әйелдерді жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау», құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан іс-шараларды баяндады.
Баяндама барысында аудан көлемінде отбасылық зорлық – зомбылыққа тап болған нәзік жандылар санын және олармен қай бағытты жұмыс атқарылып жатқанын да айтып өтті. Осы тұрғыда отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын алуда көмек көрсететін барлық мекемелерді бірдесіп жұмыс жүргізуге шақырды.
Жиын қортындысымен хаттама түзіліп, тапсырмалардың орындалуын бақылау және комиссия отырысын тиістілігіне қарай тұрақты түрде өткізу бойынша комиссия хатшысына бірқатар тапсырма берілді.