Шымкентте өткен тәулікте 6412 адам вакцина алды

353

Шымкентте қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 50%-ды құрайды, 1498 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1552 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 300 науқас ем қабылдауда.

Қала аумағында 31 тамызда КВИ-дің 140 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 117, белгілері жоқ – 23). 91 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 49 адам үй бақылауына алынды.

Бір тәулік ішінде 6412 адам вакцина алды (I компонент-3020, II компонент-3392). Егу науқаны басталғалы барлығы 429 857 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 362 201 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар 344 нысанға тексеру жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мамандар карантин талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке алып келіп қана қоймай, қоғам денсаулығына да әсер ететінін ұмытпау қажет дейді.