ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ — КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК БАСТАУЫ

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халыққа Жолдауын Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесі ұжымы “Достық үйінде” жұмыла жиналып, ыстық ықыласпен тыңдадық. Президент өз Жолдауында — кемел келешекке бастау болатын ой-ұсыныстарын айтты. Президент Қ. Тоқаев алдағы жылдары Парламентті біріктіріп, бір іздендіру жайлы былай деді:
«Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым.
Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді.
Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын.
Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз.
Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын».
Ел болашағын жарқын етер Президенттің жаңашыл бастамаларының баянды болуын тілеп, Жолдауды қолдаймыз.
Ерсұлтан Әмірбек,
Журналист
