ШЫМКЕНТТЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ АВТОРЫ

31

Шымкентте босатылып шыққандарды нашақорлықтың алдын алуға қатысты іс-шараларға ерікті ретінде тарту жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.​Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды есірткіге қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту – қоғамға қайта бейімделудің тиімді тетіктерінің бірі. Бұл тәсіл олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қылмыстың және қайтадан есірткіге тәуелділіктің алдын алуға да ықпал етеді. Осы орайда, Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының полиция департаменті мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бірлесіп, бұл бағытта ұйымдастырушылық шаралар қабылдап, жақында ғана жазасын өтеп шыққандар мен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.​Тақырыптық шаралар Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №69 және №54 мекемелерде өткізілді. Кездесу ҚАЖ мекемелерінде ұсталып отырған сотталғандар арасында есірткі қылмыстарына теріс көзқарас қалыптастыру және қайталама қылмыстарға жол бермеуге бағытталды. ​Ерікті ретінде тартуға арналған бірлескен іс-шаралар түрмеден босатылған тұлғалардың өзін қоғамға пайдалы сезінуіне мүмкіндік береді, жаңа ортада сенім мен жауапкершілік орнатып, қайта қылмыс жасау тәуекелін азайтады.

Жаһандану  қарқынды жүріп жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ел болашағы-жастардың бойында отансүйгіштік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру, адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар елеулі қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі — нашақорлық.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Президенттің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып белгіленгені баршамызға белгілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізуді күшейтуді тапсырды. Елімізде  2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді.