САУРАНДА ҚАСЫМХАН БЕГМАНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ АШЫЛДЫ

75

Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, Түркістан, Кентау қалаларының, Сауран ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, жерлесіміз Қасымхан Бегманов атындағы мектеп-гимназия және бөбекжай-балашасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты шарада Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Эльвира Қанатқызы, Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Қуандық Құлажанов, филология ғылымының докторы, профессор, сыншы-ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қансейіт Әбдезұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, республикалық «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, филология ғылымының докторы, профессор, белгілі сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының шетелдегі қазақ әдебиеті секциясының төрағасы Армиябек Сағындықұлы, ауыл тұрғыны Жамал Сапарбекова жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Жиында Қасымхан Бегманов бүгінгі шараны ұйымдастырушы, жеке қаражаты есебінен заманға сай білім алуына бар жағдайды жасап жатқан белгілі кәсіпкер Дүйсенбай Серікбайұлына өз атынан алғысын білдірді. Кәсіпкер Дүйсенбай Серікбайұлы келген қонақтарға сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. Шара барысында келген қонақтар Қасымхан Бегманов атындағы мектеп-гимназия және бөбекжай-балашасының сынып бөлмелерін аралап, қонақтар кітабына жылы лебіздерін білдірді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі