ҚҰТЫРУ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

15

Адамның өмірі мен денсаулығы – ең қымбат байлық. Бірақ кейде бейқамдық салдарынан бұл байлыққа қауіп төндіретін жұқпалы індеттер кездеседі. Солардың бірі – құтыру ауруы. Бұл дерт адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті зоонозды инфекциялардың қатарына жатады және орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

Құтыру көбіне ит, мысық, түлкі, қасқыр секілді ауру жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің ашық жараға түсуі арқылы жұғады. Егер адам дер кезінде медициналық көмекке жүгінбесе, вирус ағзада жасырын дамып, біртіндеп ауыр зардаптарға алып келеді.

2025 жылдың 9 айында Шымкент қаласында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Бұл – алдын алу шараларының жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен, қалада түрлі жануарлардың тістеуі немесе тырнауы салдарынан 2735 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 49,1 пайыз.

Жарақаттардың басым бөлігі – ит пен мысықтан (94,7%), оның ішінде белгісіз жануарлардан зардап шеккендер – 58,6 пайыз. Көптеген жағдай балалардың мектепке барар немесе қайтар жолында топтасқан қаңғыбас иттердің шабуылынан болған. Құтыру көбіне ит, мысық, түлкі, қасқыр секілді ауру жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің ашық жараға түсуі арқылы жұғады. Егер адам дер кезінде медициналық көмекке жүгінбесе, вирус ағзада жасырын дамып, біртіндеп ауыр зардаптарға алып келеді.

Барлық зардап шеккендерге құтыруға қарсы антирабиялық екпе курстары толық көлемде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар қаладағы медицина мекемелерінде тұрақты бақылауда.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы – Ағабаев Мұрат Алмаханбетұлы мәлімдеді.